28.04.2026, 18:00
Оқылды: 87

Гүлге қол созсаң, заң қолын созады

Көктем келіп, көңіл де, өңір де көктеп жатыр. Әсіресе қазір далалықта қызғалдақ гүлдеп, әлеуметтік желіде көпшілік қызғалдақтармен қызыға суретке түсіп, жариялап жатыр. Кейбірі, сол түсірген гүлдердің астына: «Теріп -ақ алғым келді, әттең, заң бар» деп жазып қойған.

 Сол заң қалай өзі? Қандай өсімдікті, гүлді жұлсаң қандай айыппұлдар бар? Біздің өңірде өсетін уақытша қызғалдақтарды да теруге қатаң заң бар ма? Осы сауал төңірегінде аудандық полиция бөлімімен хабарластық.

қызғ (1)

Қандай жаза қарастырылған?

Полиция бөлімінің мәліметінше, ҚР қылмыстық кодекстің 339-бабына және 2023 жылғы "Өсімдіктер дүниесі туралы" заңға сәйкес, сирек кездесетін өсімдіктерді жұлуға, теруге, жоюға, зақымдауға, сондай-ақ, оларды заңсыз сатып алуға, сақтауға, тасымалдауға немесе сатуға қатаң тыйым салынады. Қазақ жерінде өсетін қызғалдақ түрлерінің басым бөлігі Қызыл кітапқа енгендіктен, оларды жұлған адам қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 339-бабының «Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу» бөлімі бойынша жазаға тартылады. Заңда ондай жағдайда әр жұлған қызғалдақ үшін айыппұл салынатыны не сол айыппұл мөлшерінде түзеу жұмыстарына, не 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылатыны, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығы шектелетіні көрсетілген екен.

Бірқатар ресми мәліметтерге сүйенсек, елімізде Қызыл кітапқа енген қызғалдақтардың түрлері Түркістан облысы мен аталған өңірдің оңтүстік аймағында, Ақсу-Жабағылы мен Қаратау қорығында, Берқара бауында кездеседі. Олар мемлекеттік қорғауға алынып, Қызыл кітапқа енгізілген.

Жұлмаңыз, жазаланасыз!

Қазақ даласында бөртегүл немесе мамыргүл атауымен белгілі бұл өсімдік көктемнің өткінші сұлулығын бейнелейтіндей. Себебі бұл гүл - біздің өңірде мамыр айының басында, ал жылы оңтүстік өңірде сәуірде сәнденіп шыға келеді. Сирень гүлдесімен қала көшелері гүлге оранып, әлеуметтік желілерде де сирень ұстап түскен суреттер көбейеді.

кызг

Алайда көпшілік біле бермейтін бір жайт бар: көшеден гүл жұлу – заң бұзушылық. Көшедегі, саябақтағы және тұрғын үй аулаларындағы өсімдіктердің бәрі — жасыл желек. Оларды жұлу немесе зақымдау абаттандыру ережесін бұзу болып саналады.

Заң бойынша:

– 20 АЕК (86 500 теңге) айыппұл
– Қайталанса — 30 АЕК (129 750 теңге)

Ал залал келтірілсе, іс ҚК 340-бабымен қаралады.

– 692 мың теңгеге дейін айыппұл
– қоғамдық жұмыс
– 40 тәулікке дейін қамау

Ең ауыр жағдай — жеке аумақтағы сиреньге зиян келтіру. Онда іс ҚК 202-бабы бойынша қозғалады.

– 2,2 млн – 8,7 млн теңге айыппұл
– немесе 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу не айыру. Сирень жұлу - заң бұзушылық. Фото-видео дәлел болса, тұрғындар 102 нөміріне немесе e-Otinish арқылы хабарлай алады, - дейді құқық қорғау органы. Сондай-ақ, егер сирень мемлекеттік аумақта өскен болса, жауапкершілік заңмен реттеледі. Ал жеке меншік аумақтағы өсімдіктерге зиян келтірілген жағдайда, иесі келтірілген шығынды дәлелдеп, өтемақы талап ете алады екен.

  • Қызғалдақтың қай түрі болмасын, оларды жұлу, жұлмау, «біздің өңірдегілерді жұлуға болады, оңтүстік өңірдегіні ғана жұлуға болмайды» деген арнайы заң жоқ. Бұл тек табиғатқа зиян тигізудің алдын алу, деп сөздерін нақтылады тәртіп саласының мамандары.

P/S: Иә, мүмкін дұрысы да осы?.. Себебі қызғалдақтар тұқым бермей тұрып жұлынса, табиғи жаңару бұзылып, өсімдіктердің таралу аймағы азаятын болар. Өсімдіктер үшін бекітілген айыппұлдар, бәлкім табиғатты қорғаудың қаншалықты маңызды екенін көрсететін нақты шаралар шығар.  Ал, сәуір келгенде «апрельская сирень» деп әндетуіміз де  әдемі дәстүр. Сол әннің астарында табиғатқа деген құрмет, жауапкершілік жатқандай.  Егер біз сиреньннің хош иісін жыл сайын сезінгіміз келсе, қызғалдақтардың түрлі- түсті болып жайнағанын көргіміз келсе оның тамырына балта шаппай, құрмет пен қамқорлық қана көрсетсек...

Сәнім Меңдібай

Бөрлі ауданы

Суреттер автордікі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале