24.02.2017, 16:30
Оқылды: 48

Тұрғындардың сұрақтарына жауап берді

 

Бүгін «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінің редакциясында тұтынушылар құқығын қорғау мәселесі бойынша «Тікелей желі» ұйымдастырылды.


Облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаменті басшысының орынбасары Сергей Щербина, қалалық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасы басшысының орынбасары Роза Хасенова, тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің бөлім басшылары Құрманай Жұмағалиева мен Валентина Кенжеғалиева, өзге де сала мамандары тұрғындардың сауалдарына телефон арқылы тікелей жауап берді.

«Тікелей желі» барысында телефон арқылы 20-дан астам сұрақ келіп түссе, Whatsapp және басқа да әлеуметтік желілер арқылы оннан астам  сауалдар жолданды. Тұрғындарды мазалап жүрген сауалдардың біразы қоғамдық тамақтану орындарындағы, базарлардағы, өндіріс орындарындағы, жеке балабақшалардағы антисанитарлық жағдайлар турасында болды.

Сондай-ақ ауру өршіген кезеңдердегі емханалардағы ұзын сонар кезектің қауіпсіздігі, ауылдық жерлердегі медициналық мекемелердегі медициналық құрылғылардың тазалығы, мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдарда балаларға екпе жасау қаншалықты заңға сәйкес келеді, дүкен сөрелеріндегі мерзімі өткен  тағамдар, ашық базарларда сатылатын балық және сүт өнімдерінің сапасы, көшелерде иесіз жүрген бұралқы иттердің көзін құрту туралы да бірнеше сұрақтар келіп түсті. Бұлардың барлығына да сала мамандары заң аясында жауап беріп, осында аталған кейбір келеңсіздіктерді алдағы уақытта қадағалауға алатындықтарын жеткізді.

Ләззат ШАҒАТАЙ

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале