30.04.2026, 11:30
Оқылды: 12

Астанада жас педагогтердің ІІ республикалық форумы басталды

30 сәуірден бастап еліміздегі екі мыңға жуық мектептің 100 мыңнан астам 4-ші және 9-шы сынып оқушылары арасында білім мониторингі өткізіледі, -  деп жазады Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

_gluster_2026_4_29_eb7393d3c99790f9a20a58fbfe237755_1280x720

Бұл мониторинг - оқушылардың білім сапасын бағалауға бағытталған отандық зерттеу құралы. Ол оқу бағдарламаларының тиімділігін талдауға, оқу-тәрбие процесіндегі жетілдіруді қажет ететін тұстарды анықтауға мүмкіндік береді. Мониторингтің түпкі нәтижесі - білім сапасын арттыру үшін әр өңірге кешенді талдау жасай отырып, әдістемелік ұсыныстар әзірлеу.

Мониторинг функционалдық сауаттылықтың оқу, математикалық және жаратылыстану бағыттарын қамтиды. Сонымен қатар білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі аясында білім беруге әсер ететін әртүрлі контекстік факторларды анықтау үшін сауалнама жүргізіледі. Оны оқушылар, педагогтер, мектеп басшылары және 4-сынып оқушыларының ата-аналары толтырады.

Зерттеу рәсімі стандартталған және халықаралық тәсілдерге сәйкес ұйымдастырылған. Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың басында білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі халықаралық RCEC сапа белгісін алды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале