30.04.2026, 12:15
Оқылды: 7

Сайлаушылармен жүзбе-жүз: «Amanat» партиясы депутаттарының есеп беру кездесулері басталды

Қаратөбе аудандық мәслихатының төрағасы, «AMANAT» партиясы фракциясы мүшесі Нұрлан Меңдешев Жусандыой ауылдық округі тұрғындарымен кездесіп, 2025-2026 ж.ж. атқарған қызметі туралы есеп берді.  

WhatsApp Image 2026-04-30 at 12.57.15

Кездесудің негізгі мақсаты – жергілікті халықпен ашық диалог орнатып, тұрғындарды толғандыратын өзекті мәселелерді талқылау, сондай-ақ партияның өңірде атқарып жатқан жұмыстары мен алдағы жоспарларын таныстыру. Іс-шараға «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы атқарушы хатшысы Азамат Сафималиев, мемлекеттік мекеме өкілдері, ауыл тұрғындары қатысты.

Етті – сүтті мал, биязы жүнді және қаракөл қойын өсіруге және егін егуге бағытталған ауданның негізгі табыс көзі – мал шаруашылығы. Қазіргі таңда Қаратөбе ауданына қарасты 8 ауылдық округ, 22 елді мекен бар.

Ауылдық округтерден сайланған мәслихат депутаттары, ауданнан сайланған облыстық мәслихат депутаты Ақылбек Сағитов ауылдардағы ағайынның мәселесіне құлақ түріп, мемлекеттік мекемелермен бірлесе атқарып келе жатырған жұмыстар туралы аудандық мәслихат депутаты Нұрлан Меңдешев тоқталып өтті.

- «Ханкөл ауылындағы апаттық жағдайда тұрған мектептің мәселесі әр уақытта депутаттардың назарында болған, облыстық депутаттармен, Парламент Мәжілісі депутаттарымен осы мәселені тиісті мемлекеттік мекемелерге жеткізіп келдік. Нәтижесінде 2024 жылы Ханкөл аулында жаңа мектеп салынды. Жусандыой ауылы тұрғындарының көтеріп жүрген мәселелерінің ішінде ауа-райы қолайсыздығы кезінде ауыр халдегі науқастарды аудан орталығына тасымалдау мүмкіндігі жоқ екендігі айтылып келді. Бұл мәселеде ауданнан сайланған облыстық мәслихат депутаты Ақылбек Сағитовтың көмегімен Жусандыой ауылына қажетті жедел жәрдем көлігі алынды. Енді бұл мәселелер шешімін тапқан болса, қазіргі таңда әлі де күн тәртібінен түспей тұрған мәселе – Жусандыой ауылының жалпы ұзындығы 51 км жолы. Қазіргі таңда 17 км үш бөлікке бөліп жергілікті меценаттармен соның ішінде осы ауылдан сайланған аудандық маслихат депутаты Асылбек Елешовтың өз қаржысына жолдық жобалық сметалық құжаттары жасалды. Алайда биыл 3 жылдан асты шешімін таппай келеді», - деді Нұрлан Меңдешев.

WhatsApp Image 2026-04-30 at 12.57.16

Қазіргі таңда Қаратөбе ауданы 100% көгілдір отынмен қамтылған, сапалы ауыз су мәселесі де биылғы Төлен, Сәуле, Саралжын ауылдарындағы жоба  аяқталса, 100% таза ауыз сумен қамтылмақ. Бұл «AMANAT» партиясының 2023-2027ж.ж. арналған сайлауалды бағдарламасы аясында берілген уәделердің бір. Сайлаушылардың аманаттары мерзіміне сай орындалуда.

 

 «AMANAT» партиясы БҚО филиалының баспасөз қызметі 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале