4.05.2026, 15:30
Оқылды: 10

Волейболшы арулар Жымпитыда кездесті

Сырым ауданында 1-4 мамыр күндері волейболдан 2012-2013 жылы туған қыздар командалары арасында Батыс Қазақстан облысының чемпионаты өтті.

PHOTO-2026-05-04-09-59-01 (1)

Жымпитыдағы әуедоп жарысы маңызды спорттық оқиға екен. Аталған доданың қорытындысымен Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысатын Батыс Қазақстан облысының құрама командасына ойыншылар іріктелді.

PHOTO-2026-05-04-09-59-00 (1)

А. Шайхиев атындағы спорт кешенінің алаңында 13 команда кездесті. Жарыстың ашылу салтанатына Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Чемпионат қорытындысы бойынша орындар төмендегідей анықталды:

І орын – Олимпиада резервтерін дайындайтын спортқа дарынды балаларға арналған мамандырылған мектеп – интернат. ІІ орын – Бөрлі ауданының БЖСМ командасы. ІІІ орын – Сырым ауданының БЖСМ командасы.

 

Қ.Жеңісұлы, 

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале