Тәртіп сақшылары Қарағанды қаласында ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасы самбо Федерациясының жүлдесіне арналған турнирден жүлделі оралды. Турнирге Алматы және Астана, Батыс Қазақстан облысы, Маңғыстау облысы, Қарағанды облысы, Оңтүстік Қазақстан облысы және Қостанай облыстарынан спортшылар қатысты.
Айбек Габдешев 74 келі салмақ дәрежесіде, 82 келіде Темірлан Ихсанғалиев және 68 келіде Бағдат Жарылғасов топ жарып, жеңімпаз атанды.
Сондай-ақ қарсыластарымен финалға дейін жеткен Мирамбек Бисенғалиев пен Жанат Айтаханов күміс жүлдеге ие болды.
Батыс Қазақстан облысы ІІД-нің
баспасөз қызметі
zhaikpress.kz