6.05.2026, 15:00
Оқылды: 14

Индустриялық аймақта жаңа МГТЭС салынады

БҚО әкімі Нариман Төреғалиев «Vega Power» компаниясының басшылығымен кездесті.

376da91a-15ba-4c34-8fd2-ca8b946f0dc7

Келіссөздер барысында инвестордың индустриялық аймақ аумағында энергетика және өндіріс салалары бойынша стратегиялық бастамаларды жүзеге асыру жоспары талқыланды. Негізгі жоба – табиғи газбен жұмыс істейтін, қуаттылығы 26 МВт болатын модульдік газтурбиналық электр стансасының (МГТЭС) құрылысы. Қазіргі таңда жобаны өңірлік үйлестіру кеңесі мақұлдап, нысан салу үшін 3 гектар жер телімі бөлінді. Бұдан бөлек, холдинг өңдеу өнеркәсібі бағытында тағы 15 жобаны қолға алмақ.

Кездесуде қытайлық инвесторлар жұмыс барысын баяндап, құрылыс жұмыстары маусым айына дейін басталатынын мәлімдеді. Аймақ басшысы жергілікті атқарушы құрылымдар тарапынан нақты қолдау мен сүйемелдеу болатынын айтып, инвесторды да жауапкершілік танытуға шақырды. Тиісті құжаттарды жедел рәсімдеу мен техникалық мәселелерді шешу үшін арнайы жұмыс тобын құру туралы нақты тапсырмалар берді.

Жиын қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Өңір басшысы Нариман Төреғалиев инвесторларды осы аптада өтетін ауқымды форумға шақырып, серіктестіктің маңызын атап өтті.

Айта кетсек, жыл басында облыс әкімдігі, «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы және «Vega Power» арасындағы ықпалдастық жол картасы  бекітілген  болатын.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале