Қаратөбе ауданында тоғызқұмалақтан жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы БҚО жекелей чемпионаты өтті.
Бөкей ордасы, Бәйтерек, Бөрлі, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау, Жаңақала аудандары және Орал қаласының спортшылары қатысқан бұл жарыс тартысты өтті десе болады.

Төрт күнге созылған ақыл-ой додасында Бөкей ордасы ауданының балалар жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары чемпион атанды.
Жарыс қорытындысы бойынша классика түрінен 9 жас санатында Айназ Талғатова - алтын, Амангельдиев Әлішер - алтын,11 жастағылар арасында Аружан Талғатова - күміс, Ильшат Ахметкереев - күміс, Әділбек Әділхан - қола алды.
Рапид түрінен 9 жас санатында Айназ Талғатова - алтын, 11 жаста Аружан Талғатова - алтын, Диас Асқарғали - алтын, Ильшат Ахметкереев - күміс жүлдеге ие болды. 13 жастағылар арасында Толғанай Байғұттиева - күміс медаль иеленді.
Блиц түрінен 9 жастағы Айназ Талғатова - алтын, 11 жасар Аружан Талғатова - алтын, Әділбек Әділхан - күміс, Ильшат Ахметкереев - қола медальды жеңіп алды.
13 жастағы Ақнұр Хайрат күміс жүлдегер атанып, жалпыкомандалық есепте 1 орынды иеленді. Облыстық чемпионаттан топ жарған спортшыларымыз 20-30 маусым күндері Астана қаласында өткізілетін республикалық жарысқа жолдама алды.
Ханордалық тоғызқұмалақшылардың кезекті жеңісі - өз ісінің майталманы, жоғары санатты жаттықтырушы Рафаэль Денгизбаевтың толассыз еңбегінің жемісі.
Анар Артықбай,
Бөкей ордасы ауданы