Министрдің айтуынша, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін дизель отыны қозғалысының ашықтығы мен бақылауды қамтамасыз ету үшін мынадай шаралар қабылданған:
- жеке ПИН-кодтар белгілеу;
- дизель отынының түсін сары, көк және қызылға бояу;
- электрондық шот-фактура жүйесіне дизель отыны үшін бөлек виртуалды қойма құру.
" Нәтижесінде нақты іріктеу 729 мың тоннадан 602 мың тоннаға дейін немесе 127 мың тоннаға немесе 21 пайызға азайды. Бұл тәжірибені жалғастыру ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін дизель отынын мақсатты пайдалануды қамтамасыз етеді ", - деді Ерлан Ақкенженов.
Оның дерегінше, ақпан-сәуір аралығындағы кезеңге 402,2 мың тоннадан 204,8 мың тонна немесе 51 пайыз дизель отыны тиеп жөнелтілді. Нақты айтқанда, ақпанда 12,7 мың тонна, наурызда 94 мың тонна, сәуірде 97,8 мың тонна жіберіллді. Ал мамырда 116,3 мың тонна, маусымда 32,9 мың тонна жөнелту жоспарланып отыр.
" Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге дизель отынын тиеп-жөнелту Энергетика министрлігінің тұрақты бақылауында ", - деді министр.
