12.05.2026, 18:00
Оқылды: 0

Жел электр станциясының құрылысы басталады

Аймақта алғаш рет жел электр станциясы салынады. Маңызды жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңартылатын энергия көздерінің үлесін арттыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылады. Бүгін қуаты 50 МВт болатын энергетикалық нысанның құрылыс алаңында уақыт капсуласын салу рәсімі өтті. Оған аймақ басшысы Нариман Төреғалиев, қытайлық инвестор қатысты.

жп жел құрылыс (5)

Жел электр станциясын салу үшін 140 га жер телімі берілген. Аукцион нәтижесінде маңызды жобаны қолға алған «GREEN ENERGY INDUSTRIAL COMPANY CENTRAL ASIA» ЖШС директоры Гао Венкеның айтуынша, инвестиция көлемі – 21 млрд теңге. 8 ай бұрын аумақта анемометр орнатылған. Метеорологиялық құрылғының көмегімен анықталған желдің жылдамдығы станцияның қалыпты жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

_gluster_2026_5_12_4c731236bcc3338bee0cbe58da46c9fa_1280x720

Жоба өңір экономикасының дамуына серпін беріп, инвестициялық тартымдылықты арттырады. Жаңа жұмыс орындары ашылады. Құрылыс осы айда басталып, келесі жылы толық аяқталады. Кепілдік мерзімі – 20 жыл. 5 адам тұрақты, 50 адам маусымдық жұмыспен қамтылады.

жп жел құрылыс (4)

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары жүйелі жалғасатынын жеткізді. Жуырда Жәнібек ауданының Өнеге ауылында гибридті электр станциясының құрылысы басталады. Жоба нәтижесінде өңір импортқа тәуелділіктен арылады. Кейінгі 3 жылдың өзінде облысты энергиямен жабдықтауға 44 млрд теңгеден астам қаржы бағытталса, биыл 20 млрд теңге бөлінді. 2029 жылға қарай электр желілерінің тозу деңгейін 11 пайызға төмендету жоспарланып отыр.

жп жел құрылыс (3) жп жел құрылыс (2)

 

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале