13.05.2026, 17:30
Оқылды: 8

Жаңақалада жастар мен аудан әкімінің еркін форматтағы кездесуі өтті

Жаңақала ауылындағы “Тәуелсіздік” саябағында Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен “Талқылайық” атты жастар мен аудан әкімінің еркін форматтағы бас қосу кеші өтті.  

image-13-05-26-05-50

Ашық аспан астында оздырылған аталмыш кездесу барысында төбе көрсеткен жас буын өкілдері көшет отырғызуға ат салысты. Содан соң, ұсыныстары мен ой-пікірлерін ортаға салып, ашық сұхбат алаңын жасады. Түрлі сала өкілдері мен жас мамандар, кәсіпкерлер қызықты тақырыптарын сөз етіп, аудан басшысы Алпамыс Жаңабайұлына көкейдегі сауалдарын қойды.

Алпамыс Көшкінбаев жастармен бейресми жағдайда әңгімелесіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, білім, спорт, мәдениет және жұмыспен қамту мәселелері төңірегінде сөз қозғады. Жастар тарапынан да түрлі ұсыныстар айтылып, өзекті мәселелер ортаға салынды.

Әсіресе, жас буынның бос уақытын тиімді ұйымдастыру, кәсіпкерлікті қолдау, жастарға арналған жобаларды көбейту сынды тақырыптар кеңінен талқыланды. Аудан әкімі қойылған әрбір сұраққа нақты жауап беріп, алдағы уақытта жүзеге асырылатын жоспарлармен бөлісті. Жиынға қатысушыларға табиғат аясында фуршет ұсынылып, әуезді ән айтылды.

Жылы атмосфера мен ерекше әсер сыйлаған отырыс көпшіліктің көңілінен шықты.

 

Ақерке Мәлікқызы,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале