5.05.2026, 19:18
Оқылды: 17

Сенбілік – ортақ іске жұмылдырған игі бастама

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында еліміздің барлық өңірлерінде қоршаған ортаны қорғауға және көркейтуге бағытталған ауқымды іс-шаралар жүйелі түрде жүргізілуде. Акция аясында тазалық сенбіліктері мен «Таза аула — таза қоғам» сияқты бастамалар белсенді жүзеге асырылуда.Акция аясында атқарылып жатқан жұмыстар табиғатты аялауға және экологиялық ахуалды жақсартуға үлкен үлес қосады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев табиғатты аялау, тазалық мәдениетін әрбір азаматтың, әсіресе, жас ұрпақтың санасына сіңіру өзекті деп санайды.

image-05-05-26-06-29

Айналамызды жинау, ағаш отырғызу арқылы біз жайлы да таза қоршаған орта қалыптастырамыз. Барлық аула мен көшені, саябақ пен алаңқайды ұқыпты ұстау – өз қолымызда. Тазалық пен тәртіп – дұрыс өмір салтын ұстанудың басты қағидасы.

Бүгін ауданымызда "Шыңғырлау-Ақсай" облыстық маңызы бар автокөлік жолының бойындағы тал-теректерді жинау үшін сенбілік ұйымдастырылды.Сенбілікке аудандағы мекеме,бөлім,Ащысай ауылдық округінің қызметкерлері белсене қатысты. Шарадағы әр бастамадан туған елге, табиғатқа деген қамқорлық байқалатыны анық."Таза Қазақстан" аясында өткен сенбілік жол бойындағы кедергі келтіретін ағаштарды,қоқыстарды жинау арқылы машина қоғалысы көп жолдың тазалығын жақсартуға және қызметкерлер арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.

Шыңғырлау ауылдық округінің әкімі Сайда Біркенова, «Таза Қазақстан» акциясының маңыздылығына тоқталып, оның жай ғана тазалық шарасы емес, ел болашағы үшін мәні бар бастама екенін атап өтті.

image-05-05-26-06-30

"Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясы — бұл жай ғана тазалық шарасы емес, бұл біздің туған жерге деген құрметіміз бен экологиялық жауапкершілігіміздің көрінісі.

Бүгінгі сенбілікте қураған тал-теректер кесіліп,жолдың бойы тазартылды.Сонымен қатар тазалық жұмыстары арқылы экологиялық мәдениетті қалыптастыруға да ерекше мән берілуде.",- деді.

Айта кету керек, «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы қоршаған ортаны ққорғау және туған жердің ажарын ашудағы тазалық жұмыстары  алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табатын болады.

Сара Шакрат

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале