20.05.2026, 10:15
Оқылды: 46

Шыңғырлауда жәрмеңке өтті

 

Шыңғырлау ауданы орталығында тұрғындарға қолжетімді бағада сапалы өнім ұсынуға бағытталған ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге Ақтау, Ащысай, Шыңғырлау ауылдық округтерінің кәсіпкерлері, жеке тұрғындар қатысып, өз өнімдерін көпшілік назарына ұсынды.

image-19-05-26-05-01

Жәрмеңкеде ет және сүт өнімдері, көкөністер, балық өнімдері саудаланды. Сонымен қатар тұрғындар көктемгі егіс маусымына қажетті түрлі көшеттер мен үй құстары — үйрек, қаз балапандарын сатып алуға мүмкіндік алды. Таңертеңнен басталған саудаға аудан тұрғындары көптеп келіп, табиғи әрі сапалы ауыл өнімдеріне қызығушылық танытты.

Мұндай жәрмеңкелер бір жағынан ауыл шаруашылығы өндірушілеріне өз өнімдерін тікелей сатуға мүмкіндік берсе, екінші жағынан тұрғындарды делдалсыз, тиімді бағадағы азық-түлікпен қамтамасыз етуге септігін тигізеді. Әсіресе әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыруда мұндай шаралардың маңызы зор.

image-19-05-26-05-00 (1)

Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Елдос Оразғалиев жәрмеңкенің маңызына тоқталып өтті.

— Бүгінгі жәрмеңкенің басты мақсаты аудан тұрғындарын сапалы әрі қолжетімді ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету. Сонымен қатар жергілікті кәсіпкерлердің еңбегін қолдап, олардың өнімдерін халыққа тікелей ұсынуына жағдай жасау. Осындай шаралар ауыл мен қала арасындағы байланысты нығайтып, кәсіпкерлерге де үлкен қолдау болады, — деп атап өтті.

image-19-05-26-05-00

Жәрмеңке барысында тұрғындар өздеріне қажетті өнімдерді сатып алып, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді. Аудан көлемінде мұндай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады деп күтілуде.

 

Светлана Ешматқызы

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале