20.05.2026, 11:30
Оқылды: 11

Орал қаласында құрбан шалатын орындар белгіленді

Қазақстанда биыл қасиетті Құрбан айт мерекесі 27, 28, 29 мамыр күндері аталып өтіледі, - деп жазады Kazinform

ЖП мал, қыс  Кама апаның фотолары

Фото: Сайт архивінен 

БҚО бас имамы Самат Әлібаевтың мәлім еткеніндей, қасиетті Арафа күні 26 мамыр күніне сәйкес келеді.

Оның айтуынша, Батыс Қазақстан облысы бойынша айт намазы 27 мамыр күні таңғы сағат 06:30-да оқылады.

Өңірде қазіргі таңда барлығы 69 мешіт бар.

— Орал қаласы бойынша құрбан шалатын үш қасапхана белгіленді. Атап айтқанда, «Ел ырысы» базары, «Батыс адал ет» ЖШС және «Кублей» ЖШС-да мал құрбандыққа шалынады, — деді Самат Әлібаев.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, айт намазына байланысты Оралда Абай даңғылы Ә.Әйтиев көшесінен Мұхитқа дейін, сондай-ақ Ж.Досмұхамедов көшесі Құрманғазыдан Х.Чурин көшесіне дейін көлік қозғалысы жабылады.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале