17.05.2026, 12:00
Оқылды: 7

Қоскөлде ауыл әкімі сайлауы өтуде

Қаратөбе аудандық аумақтық сайлау комиссиясының қаулысымен Қоскөл ауылдық округі əкімінің сайлауы ағымдағы жылдың мамыр айының 17-сіне тағайындалған болатын.

 IMG_4048

Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің əкімдерін сайлау бойынша 17 мамырда Қоскөл ауылындағы №279 сайлау учаскесінде округ əкімінің сайлауы өтуде.

№279 сайлау учаскесінің төрағасы Жанболат Түгелтаевтың айтуынша учаскеге 386 сайлаушы тіркелген.

№279 Қоскөл сайлау учаскесінде дауыс беру таңғы сағат 7-де басталып, мемлекеттік гимн орындалды.

Сайлаудың ашылу салтанатын уческелік сайлау комиссиясының төрағасы Жанболат Бердіғалиұлы құттықтау сөз сөйлеп ашып, дауыс беруді ашық деп жариялады.

Сайлау учаскесіне келіп ең бірінші болып ауыл тұрғыны Бақыт Матаева дауыс берді.

– Мен өте қуаныштымын, бүгін №279 Қоскөл сайлау учаскесіне келіп ауыл әкімінің сайлауына қатысып, ең бірінші болып дауыс беріп, өз таңдауымды жасадым. Бұл өте жауапкершілікті талап ететін сәт. Өз азаматтық міндетімді сезіне отырып, өз ауылымның болашағына деген үлесімді қостым деп есептеймін»,- дейді қоскөлдік Бақыт Матаева.

Сонымен қатар зейнеткер, ең жасы үлкен қоскөлдік сайлаушы Ұмсындық Сағынғалиева сайлауға қатысып, дауыс берді.

Дауыс берушілер №279 сайлау учаскесіне ерте келіп өз таңдауларын жасауда.

Қоскөл округіне қарасты Шалғын ауылында да сайлау науқаны ұйымшылдықпен өтуде.

Шалғын негізгі орта мектебінің ғимаратындаорналасқан №280 сайлау учаскесінде ауыл тұрғындары өз таңдауларын жасап, белсенділік танытуда.

IMG_4047

№280 учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Самал Махсутованың айтуынша, учаскеде 123 сайлаушы тіркелген.

№279 сайлау учаскесінде дауыс берушілердің қарасы көбейе бастады. Аталмыш учаскеде кандидаттардың сенім білдірген өкілдері, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің байқаушылары сайлау барысын қадағалауда.

Сайлауда белсенділік таныту азаматтық және саяси мәдениетті қалыптастырудың көрінісі. Мұндай белсенділік ауыл тұрғындарының болашаққа деген сенімінің жоғары екенін көрсетеді.

                                                                     

                                                            Ерболат Райсов,

                                                          Қаратөбе ауданы    

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале