2028 жылға қарай жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасы 5%-ға жетеді. Қазақстанда болашақ зейнетақыны қалыптастыруда жұмыс берушінің рөлі артып келеді. Зейнетақы жүйесінің маңызды бөліктерінің бірі – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ), деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сурет: сайт архивінен
Жаңа жүйеге сәйкес, жұмыс берушілер 1975 жылы және одан кейін туған қызметкерлер үшін зейнетақы жарнасын өз қаражаты есебінен аударады. ЖМЗЖ 2024 жылдан бастап 1,5% мөлшерлемемен енгізілді. Алдағы жылдары бұл көрсеткіш кезең-кезеңімен өседі.
Атап айтқанда:
• 2026 жылы жарна көлемі қызметкер табысының 3,5%-ын;
• 2028 жылға қарай 5%-ын құрайды.
Мамандардың айтуынша, бұл өзгеріс ынтымақты зейнетақы үлесінің біртіндеп азаюына байланысты енгізіліп отыр.
Жаңа тетік:
• азаматтардың жоғалған табысын өтеуге;
• зейнетақымен қамсыздандыру деңгейін арттыруға;
• мемлекет, жұмыс беруші және қызметкер арасындағы жауапкершілікті тең бөлуге бағытталған.