18.05.2026, 10:00
Оқылды: 50

Қазақстанда жұмыс берушілер зейнетақыға көбірек ақша аударады 

2028 жылға қарай жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасы 5%-ға жетеді. Қазақстанда болашақ зейнетақыны қалыптастыруда жұмыс берушінің рөлі артып келеді. Зейнетақы жүйесінің маңызды бөліктерінің бірі – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ), деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақша JP

Сурет: сайт архивінен 

 

Жаңа жүйеге сәйкес, жұмыс берушілер 1975 жылы және одан кейін туған қызметкерлер үшін зейнетақы жарнасын өз қаражаты есебінен аударады. ЖМЗЖ 2024 жылдан бастап 1,5% мөлшерлемемен енгізілді. Алдағы жылдары бұл көрсеткіш кезең-кезеңімен өседі.

Атап айтқанда:

•    2026 жылы жарна көлемі қызметкер табысының 3,5%-ын;

•    2028 жылға қарай 5%-ын құрайды.

Мамандардың айтуынша, бұл өзгеріс ынтымақты зейнетақы үлесінің біртіндеп азаюына байланысты енгізіліп отыр.

Жаңа тетік:

•    азаматтардың жоғалған табысын өтеуге;

•    зейнетақымен қамсыздандыру деңгейін арттыруға;

•    мемлекет, жұмыс беруші және қызметкер арасындағы жауапкершілікті тең бөлуге бағытталған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале