18.05.2026, 15:30
Оқылды: 6

Бәйтерек спортшылары үздіктер қатарынан көрінді

Облысымызда төрт жылда бір рет жалауы желбірейтін дәстүрлі «Халық ойындары» спартакиадасы мәресіне жетті. 13-17 мамыр аралығында Орал қаласында өткен дүбірлі додада облыс орталығы мен 12 ауданның спортшылары өзара мықтыны анықтады.

image-18-05-26-12-34-4

​Спартакиада бағдарламасына сәйкес, спортшылар баскетбол, волейбол, шахмат, тоғызқұмалақ, қазақ күресі, үстел теннисі, шағын футбол, асық ату, қол күресі және гір тасын көтеру сияқты оннан астам спорт түрінен бақ сынасты. Бәйтеректің намысын 100-ге жуық жерлесіміз қорғады. Олардың кейбірі үздіктер сапынан көрінді.

image-18-05-26-12-34

Мәселен, асық атудан егіндібұлақтық қыздармен теңестен ешкім болған жоқ. Ал осы спорт бойынша аудан намысын қорғаған Бейбітшілік ауылынан барған ерлер құрамасы кола жүлдегер атанды. Есесіне бейбітшіліктік білектер қол күресінен қарсылас шақ келтірмеді. Гір тасын көтеруден дарияндық да топ жарды. Боз кілемде белдескен балуандарымыз да үздік болды. Өзге де спорт түрлерінен белсенділік танытқан бәйтеректіктер алғашқы үштікті түйіндеді.

 

Сәнім Берік,

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале