Бүгін Казталов ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Серік Қайырлиев төрағалығымен «Заң және тәртіп» идеологиясын және «Қауіпсіз өңір» жобасын іске асыру мәселелеріне арналған жиын өтті.
Отырысқа аудан прокуроры, аудандық полиция бөлімінің бастығы, бөлім және мекеме басшылары, сондай-ақ ауылдық округ әкімдері қатысты.
Жиын барысында күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Аудан әкімі аппаратының бас инспекторы – заңгері Қуанышбек Мұқатаев «Заң және тәртіп» идеологиясы жөніндегі 2025–2030 жылдарға арналған тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері, сондай-ақ «Қауіпсіз өңір» кешенді жобасының аудан деңгейінде жүзеге асырылуы туралы баяндама жасады. Ал аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдана Мұханбетова «Заң және тәртіп» идеологиясы аясындағы іс-шаралар жоспарының аудан көлемінде орындалу барысы жөнінде хабарлама жасады.
Отырыс барысында ауылдық округтерде тақырыптық баннерлердің орнатылмауы, LED экрандар арқылы ақпараттық жұмыстардың жеткіліксіз жүргізілуі және «Заң және тәртіп» идеологиясы бойынша бірқатар іс-шаралардың орындалмай отырғаны талқыланды.
Жиын соңында аудан әкімінің орынбасары Серік Қайырлиев тиісті бөлімдер мен ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар беріп, жұмысты күшейтуді тапсырды.
Гүлнұр Бөлешова
Казталов ауданы