Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіруге арналған ашық форматтағы кездесу өтті. Кездесуді аудан әкімінің орынбасары Айбек Исламбек жүргізіп, тұрғындар мен кәсіпкерлерге өңірде жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалардың маңызы мен мүмкіндіктерін жан-жақты ақпараттық-түсіндіру бағыттарын жеткізді.

Басқосуға облыстық басқармалар мен даму институттарының өкілдері қатысып, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, жұмыспен қамту, сауда және жеңілдетілген несиелеу бағыттары бойынша нақты ақпараттар берді.
Кездесу барысында аудан тұрғындарынамемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау тетіктері кеңінен таныстырылды. Әсіресе кәсіпкерлік бастауға ниетті азаматтар үшін жеңілдетілген несиелер, қайтарымсыз гранттар, субсидиялар мен инвестициялық жобаларды қолдау шараларының тиімділігі айтылды. Мемлекеттік бағдарламалардың басты мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттыру, ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу екені атап өтілді.
Алғашқы сөз Батыс Қазақстан облысыкәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы Мейрам Жасланұлы Қабдығалиевке берілді. Ол өңірдекәсіпкерлікті дамыту бағытында қолға алынған жобаларға тоқталып, шағын және орта бизнескемемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шараларын түсіндірді. Сонымен қатар «Бизнестің жол картасы», жеңілдетілген несие беру, кәсіпкерлердің инфрақұрылым мәселелерін шешу және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бағытындағы жұмыстар жөнінде айтты.
Келесі кезекте облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының егін шаруашылығы, астық және тұқым инспекциясы бөлімінің бас маманы Асылболат Тілекұлы Кубиев сөз сөйлеп, аграрлықсаладағы мемлекеттік бағдарламалардыңартықшылықтарын атап өтті. Ол ауылшаруашылығы саласын субсидиялау, тұқымшаруашылығын дамыту, техника жаңарту және мал шаруашылығын қолдау бағыттарындағы жұмыстаржөнінде баяндады. Сонымен қатар шаруаларға арналған жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламаларының ауыл экономикасын көтерудегі рөліне тоқталды.

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы Самал Нұрланқызы Темирова халықты жұмыспен қамтуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар туралы кеңінен ақпарат берді. Оның айтуынша, қазіргітаңда жұмыссыз азаматтарды кәсіптік оқыту, жастар практикасы, әлеуметтік жұмыс орындарымен гранттық қаржыландыру арқылы тұрақты жұмыспен қамтуға ерекше көңіл бөлінуде. Сонымен қатар жаңа бизнес-идеяларды жүзегеасыру үшін берілетін қайтарымсыз гранттардың мүмкіндіктері түсіндірілді.
ҚР Сауда және интеграция министрлігінің БҚО бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Руслан Серғалиұлы Ихсанов тұтынушылардыңқұқықтарын қорғау және сауда саласындағыталаптар жөнінде баяндады. Ол кәсіпкерлерге сауда заңнамасын сақтау, тауар сапасын бақылау және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталды.Сонымен қатар ҚазақстанРеспубликасы Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №362-нқ бұйрығына сәйкес аудан аумағындағы азық-түлік саудасымен айналысатын барлық кәсіпкерлік нысандарда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша түсіндіру және мониторинг жұмыстары басталғанын хабарлады.
Аталған бұйрыққа сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі бұрынғы 19 атаудан 31 позицияға дейін кеңейтілген. Бұрынғы тізімге кірген ұн, нан, күріш, қарақұмық, макарон өнімдері, күнбағыс майы, жұмыртқа, сүт өнімдері, қант, тұз және көкөніс түрлерімен қатар енді ет өнімдері, балық түрлері, қатты және жартылай қатты ірімшік, алма, қияр, қызанақ және қара шай енгізілді. Бұл өзгерістер халыққа қажетті азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтап, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың қолжетімділігін арттыруға бағытталғаны айтылды.
Кездесу барысында «Aqjaiyq» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның «Ауыл аманаты» несиелендіру басқармасының менеджері Руслан Махсотұлы Ермеғалиев «Ауыл аманаты» бағдарламасының тиімді тұстарын түсіндірді. Аталған бағдарлама ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған маңызды бастамалардың бірі болып табылады. Бағдарлама аясында ауыл тұрғындарына төмен пайызбен жеңілдетілген несие беріліп, шағын кәсіп ашуға және мал шаруашылығын дамытуға мүмкіндік жасалуда.
Ал «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның Батыс Қазақстан облысы бойынша өңірлік филиалының менеджері Гүлдана Қанатова кәсіпкерлерге арналған қаржылай қолдау құралдары туралы айтып өтті. Ол кәсіпкерлерге пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, несиеге кепілдік беру және бизнес-жобаларды сүйемелдеу бойынша көрсетілетін көмектерге тоқталды. Сонымен қатар кәсіпкерлерге бизнес жүргізудегі тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік беретін бағдарламалардың тиімділігі айтылды.
Кездесудің негізгі бөлігі пікір алмасу форматында жалғасты. Аудан тұрғындары, шаруа қожалығы басшылары мен кәсіпкерлер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Мамандар тарапынан нақты жауаптар беріліп, қосымша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жиын соңында аудан әкімінің орынбасары Айбек Жаншаұлы азаматтарға мемлекеттік қолдаушараларының қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етудің маңызын атап өтті.
— "Бүгінгі кездесудің маңызы зор. Мемлекеттарапынан ұсынылып отырған қолдау шараларыхалықтың әл-ауқатын арттыруға, кәсіпкерліктідамытуға және ауыл экономикасын нығайтуғабағытталған нақты мүмкіндіктер. Ең бастысы осы бағдарламаларды тиімді пайдаланып, ел игілігінежарату. Кәсіп бастаймын деген азаматтарға барлықмүмкіндік бар. Сондықтан әр тұрғын мемлекеттікбағдарламаларға белсенді қатысып, өз кәсібіндамытуға ұмтылуы қажет. Аудан әкімдігі алдағыуақытта да тұрғындармен осындай ашықкездесулер өткізіп, халықпен кері байланыстыкүшейте береді", – деді.
Кездесу тұрғындардың мемлекеттік бағдарламаларжөніндегі ақпаратқа қолжетімділігін арттырып, кәсіпкерлік бастамаларды қолдауға бағытталғанмаңызды алаңға айналды.
Светлана Байтенова
Шыңғырлау ауданы