1.03.2017, 10:55
Оқылды: 53

«Жаушыл радикал қайдан шығады?»

Мұндай бейнефильм Ақжайық ауданы Чапаев ауылдық округіндегі Жайық ауылында мектеп оқушылары және ауыл жастарымен «Дін – тәрбие діңгегі» атты кездесуде көрсетілді.


Кездесуде Чапаев ауылдық округі әкімі Нұртаза Нәбиденов, БҚО Дін басқармасының бөлім басшысы Саялбек Ғиззатов және «Таным» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының төрағасы Құрман Бисеғалиев аталған тақырыпта ой-пікірлерімен бөлісті.

Дін басқармасының бөлім басшысы Саялбек Ғиззатов діни сауатсыздықтан жер-жерде орын алған келеңсіз оқиғаларға терең түсінік беріп, «Жаушыл радикал қайдан шығады?» атты бейнефильм, «Экстремизм мен терроризм» атты слайд көрсетті. Ол оқушыларға қандай да бір беймәлім азаматтардың көрсеткен материалдық көмектерден бас тартуы қажеттігін қаперге салды. Ата-аналардың сөзіне құлақ түріп, көптеген теріс діни ағымдарға ешқандай қызығушылық танытпауды, келеңсіздіктен сақтанудың оңай жолы әлеуметтік желілерге аса сақ болуды еске салды.

Кездесу барысында дәстүрлі мен дәстүрлі емес діни бағыттардың айырмашылығы жөнінде сұрақтарға жауап қайтарылды. Еліміздегі медреселердің жұмысы да сөз болды.

Бек СҮЙЕНІШ

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале