1.03.2017, 11:03
Оқылды: 16

Мария Рычкова 90 жасқа толды  

 

Зеленов ауданы Дариян ауылындағы М.Шолохов атындағы мемориалдық мұражайда Зеленов ауданының тұрғыны Мария Рычкованың 90 жасқа толуына орай шара өтті.


Ауыл шаруашылығының дамуына  абыройлы қызмет еткен тыл және еңбек ардагерін мерейлі жасымен құттықтаған аудан әкімінің орынбасары А.Досжанов:

- Құрметті Мария Ивановна, көптеген мамандарды даярлауда және өңірдегі барлық іс-шараларға өз үлесіңізді қосып қана қоймай, бүгінгі таңда да аудан  көлемінде  өтіп жатқан игі істерде де өзіндік орныңыз бар   екенін мақтанышпен айтамыз,- деп жылы лебізін білдіріп аудан әкімі К.Жақыповтың атынан арнайы құттықтау хатын табыстап, иығына қазақтың ұлттық   камзолын жапты.

Сондай-ақ аудандық мәслихат хатшысы Р. Исмағұлов ыстық-ықыласын білдірсе, Дариян ауылдық округінің әкімі Б.Ерболатов гүл шоғы мен жылы орамалды сыйға тарту етті.

-Аудан әкімінен бастап менің еңбегімді елеп-ескеріп, құрмет көрсетіп жатқан баршаңызға ризамын. Біз көрген қиыншылықты кейінгі ұрпақ көрмесін. Бүгінгі бейбіт күннің, берекелі бірліктің  шапағаты баянды болғай,-деп зор ризашылығын білдірді Мария  Рычкова.

Гүлжан   Аязбаева,

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале