1.03.2017, 12:07
Оқылды: 76

1 наурызда туған Әлисұлтанға сый-сияпат жасалды

Қазталов ауданы Жалпақтал ауруханасының перзентхана бөлімінде «Қадамың құтты болсын» атауымен осындай ерекше шара өтті. Айта кетейік, Жалпақтал ауруханасының перзентхана бөлімінде жыл басынан бері 21 сәби туған.


Жалпақтал ауруханасының бас дәрігері Алмас Тоғайбайұлы, аналар кеңесінің төрайымы Гүлнар Сапахова және Жалпақтал ауруханасының кәсіподақ ұйымы атынан 1 наурыз күні Алғыс айту күнінде нәрестелі болған Айымгүл Ниязбекқызын құттықтады.

-Бүгін Әлисұлтан есімді ұлымыз дүниеге келді. Мейірханымыздың артынан ерген сәбиіміз 3 келі 200 грамм. 1 наурыз Алғыс айту күнінде нәрестелі болуымыз – отбасымыз үшін зор қуаныш. Сондай-ақ осы сәбиді аман-есен дүниеге әкелуіме көп көмек жасаған перзентхананың дәрігерлеріне, медбикелеріне алғысымды жеткіземін. Әр үйде іңгәлаған сәбидің даусы естіліп, өмірге келген сәбилер ата-аналарының көз қуанышы болсын,-дейді жас ана Айымгүл Ғариполла.

         Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ

Жалпақтал ауылы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале