Казталов аудандық спорт кешенінде Отбасын қолдау орталығы мен “Айбын” спорт клубының ұйымдастыруымен көңілді эстафета жарысы өтті.
Ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Серік Қайырлиев қатысушыларды Отбасы күнімен құттықтап, жарысқа қатысушы отбасыларға сәттілік тілеп, тартысты додада жеңіске деген жігер мен көтеріңкі көңіл-күй тіледі.
Жарысқа Сағынғалиевтер отбасы (Казталов ауылы), Қоштановтар отбасы (Тереңкөл ауылы), Кабдировтар отбасы (Қошанкөл ауылы), Қосболовтар отбасы (Бостандық ауылы), Төлеугалиевтер отбасы (Көктерек ауылы), Халмуратовтар отбасы (Талдықұдық ауылы), Хасановтар отбасы (Қарасу ауылы), Хамидоллиндер отбасы (Қараоба ауылы), Молдағалиевтер отбасы (Бірік ауылы) қатысып, түрлі кезеңдер бойынша өзара бақ сынасты.
Командалар жүгіру, эстафеталық ойындар (шаян жүрісі, бақа секіру, теннис добымен сайыс, қаппен секіру), қол күрес, дартс және арқан тартыс секілді қызықты әрі тартысты сындардан өтті.
Нәтижесінде І орынды Кабдировтар отбасы (Қошанкөл ауылы), ІІ орынды Хамдоллиндер отбасы (Қараоба ауылы), ІІІ орынды Төлеугалиевтер отбасы (Көктерек ауылы) иеленді.
Жеңімпаз отбасылар диплом, кубок және естелік сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, белсене қатысқан барлық командаларға алғысхаттар мен сертификаттар табысталды.
Мейірім Парасат,
Казталов ауданы