1.03.2017, 16:46
Оқылды: 47

«Нұр Отан» партиясы қатарына қабылданды

«Нұр Отан» партиясы Зеленов аудандық филиалы ғимаратында партия мүшелігіне өткен аудан тұрғындарына партия билеттері табысталды.


Оған партия филиалының төрағасы Кәрім Жақыпов, филиал төрағасының бірінші орынбасары Н.Дүзбатыров, аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмағұлов, партия ардагерлері мен тұрғындар қатысты.

Алдымен сөз алған партия филиалының төрағасы Кәрім Кәрімоллаұлы:

-Өздеріңізге белгілі бүгін еліміз «Алғыс айту» мерекесін атап өтуде. Қоғамды өзара жарастырып, адамдарды берекелі қарым-қатынас шақыратын күннің ерекше мәні бар. Осы орайда баршаңызға қоғамның дамуына қосқан үлестеріңіз үшін зор алғысымды білдіремін!,- деді.

Айта кетейік, осы уақытқа дейін партия қатарында 2851 мүше болса, дәл бүгін оның қатары 27 жас тұрғынмен толықты.

 

Динара НАСЫР,

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале