Игілікті шараға Сырым ауданындағы кәсіпкерлердің өкілі Айсұлу Ихсанова, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Аян Жоламанов және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы Сырым аудандық филиалының басшысы Айдынғали Балғалиев мұрындық болды.
Аудан орталығындағы әйел-аналарды Алғыс айту күнімен құттықтаған олар, жергілікті кәсіпкерлердің сый-сияпаттарын тапсырды.
Сонымен қатар «Жолаушы» мейрамханасында ауыл қарияларына арналып дастархан жайылды. Онда Сырым ауданының әкімі Абат Шыныбеков барша қатысушыларды айтулы мейраммен құттықтап, игі тілегін жеткізді.
Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz