26.05.2026, 16:00
Оқылды: 9

Оралда жастар арасында «Құрбан айт CUP-2026» футбол турнирі ұйымдастырылды

Құрбан айт мерекесі қарсаңында жамағат жастары арасында «Құрбан айт CUP-2026» атты футбол турнирі ұйымдастырылды. Спорттық іс-шараны Орал қаласының ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы өткізді.

Құрбан айт CUP-2026

Турнирдің басты мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыту, сондай-ақ жамағат арасындағы ауызбіршілік пен достықты нығайту. Осындай игі бастамалар арқылы жастарды спортқа баулу, белсенді өмір салтын насихаттау және ру-
хани мерекенің мән-маңызын кеңінен дәріптеу көзделді.

Жарысқа қатысқан командалар жоғары дайындықпен келіп, ойын барысында өзара ұйымшылдық пен шеберліктің үлгісін көрсетті. Әрбір кездесу тартысқа толы өтіп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

Турнир нәтижесі бойынша І орынды «Ақсай мешіті» командасы жеңіп алды. Ал ІІ орынды «Алаш», ІІІ орынды «Сүйен ұрпағы» командалары иеленді. Сондай-ақ жарыс аясында үздік ойын көрсеткен қатысушылар арнайы аталымдармен марапатталды. «Батыс» командасының ойыншысы Алтынбек Ислам «Үздік қақпашы» аталымын иеленсе, «Ақсай мешіті» командасының мүшесі Рустам Кенесаров «Үздік ойыншы» атанды.

Турнир соңында жеңімпаз командалар мен белсенді қатысушылар арнайы алғысхаттармен және естелік сыйлықтармен  марапатталды.

Ділнәз Құсайынова,

Орал қаласы ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі

ресурстық орталығының бөлім басшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале