26.05.2026, 17:30
Оқылды: 9

Жаңажол түлектерінен туған ауылға тағылымды тарту

Казталов ауданына қарасты барлық мектептерде «Соңғы қоңырау» салтанаты құрметпен аталынып, түлектер тартуындағы жаңа нысандардың салтанатты ашылу рәсімдері өткізілді. 

image-26-05-26-12-12-1

Осындай мерекелік шара барысында Жаңажол ауылында туған өлкесінің көркеюіне атсалысып жүрген мектеп түлектері әр жыл сайын өз қаражаттарына құнды тартулар жасап, тегін сыйлықтар ұсынуда. Биылғы жылы жомарт түлектер қатарын толықтырған 1996 жылғы түлектер 12 қанаттық киіз үйді, 2006 жылғы түлектер заманауи ЛЭД экранды, 2016 жылғы түлектер көше сағатын, 2001 жылғы түлектер арқан тартыс жолағын тарту етті.

image-26-05-26-12-12

Салтанатты жиында мәртебелі меймандар сөз сөйлеп, туған жеріне өлшеусіз үлес қосқан барлық елжанды түлектерге жерлестері атынан шексіз алғыстарын білдірді.

 

Қыдыр Харесұлы,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале