27.05.2026, 15:30
Оқылды: 10

Қазталовта салалық міндеттер пысықталды

Аудан әкімі Асланбек Сарқұловтың төрағалығымен кезекті әкімдік отырысы өтті. Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар маңызды мәселе қаралды.
image-27-05-26-01-33
Күн тәртібіне санитарлық-экологиялық айлықтың қорытындылары, көктемгі далалық жұмыстар, бюджеттік бағдарламалардың орындалуы, алдағы жылыту маусымына әзірлік, төтенше жағдайлардың алдын алу, білім беру мекемелеріндегі жазғы демалыс қауіпсіздігі мәселелері енгізілді.
Алдымен аудандық білім беру бөлімінің басшысы Самал Джангереева 2025-2026 оқу жылының қорытындысын баяндап, балалардың жазғы демалыс лагерін ұйымдастыру мәселелерін атап өтті. Жаз мезгілінде төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары да қамтылды. Бұл жөнінде аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Олжас Абдрахман баяндады.
image-27-05-26-01-33-1
Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ерлан Аронов санитарлық-экологиялық айлық аясында атқарылған жұмыстар, 2025-2026 жылғы жылыту маусымының қорытындысы мен алдағы қыс маусымына дайындық мәселесі жөнінде баяндады. Ал  ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ержалыс Ишанов көктемгі далалық жұмыстардың барысына тоқталды. Биылғы мал азығын дайындау жұмыстарын сапалы ұйымдастыру, техника дайындығы, жанар-жағармаймен қамту және агротехникалық талаптарды сақтау мәселелері сөз болды.
image-27-05-26-01-33-2
Жиында аудан әкімі аппаратының басшысы Нұрсұлтан Серік сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларына тоқталса, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Жадыра Сүндетова бюджеттік бағдарламалардың тиімділігі мен қаржының игерілу деңгейі туралы баяндап, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдана Мұханбетова 2026 жылдың екінші жартыжылдығына мерзімді баспасөзге жазылу науқанының жүргізілуіне тоқталды.
Аудан әкімі Асланбек Сарқұлов барлық сала басшыларына көтерілген мәселелер бойынша нақты тапсырмалар жүктеп, белгіленген міндеттердің уақтылы әрі сапалы орындалуын қатаң бақылауды тапсырды.
Асылбек Нәсіпқалиұлы,
Қазталов ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале