Бүгін Салтанат сарайында іскер əйелдер қауымдастығының ұйымдастыруымен "Бақытты əйел - қоғам айнасы"атты шара өтті. Салтанатты шараға өңірімізге ерен еңбегімен танылған аналар, қыз-келіншектер қатысты.
-Бүгін Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен екінші рет Алғыс айту күнін тойлап отырмыз. Осы орайда бір қолымен əлемді, бір қолымен бесік тербеген аналарымызға алғыс айтқым келеді.
Əйел - шаңырақтың ұйтқысы. Сондай-ақ өздеріңізге мəлім, еліміз тəуелсіздікке қол жеткізу үшін нəубет жылдарды басынан өткерді. Бүгінде тəуелсіз Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тату-тəтті өмір сүруде. Елбасы саясатының арқасында еліміз өркендеп, қарыштап дамып келеді.
Барша жиналған қауымға алғыс айтып, дендеріне саулық, отбасына амандық тілеймін, - деді облыс басшысы Алтай Көлгінов.