28.05.2026, 23:30
Оқылды: 6

Тіл саласындағы жаңашыл ізденістердің маңызы зор

Тіл — ұлттың рухани тамыры, ал оны заман ағымына сай дамыту — уақыт талабы. Осы бағыттағы маңызды басқосу орталығымызда жалғасып, семинардың практикалық бөлімі секциялық жұмыс аясында өрбіді.
image-28-05-26-08-19-7
Басқосуға облыстық, қалалық басқарма мамандары, еліміздің әр өңірінен, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан келген тілдерді оқыту орталықтарының директорлары мен оқытушылары қатысып, тәжірибе алмасу алаңын қалыптастырды.
Секция жұмысына модераторлық еткен М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің филология факультетінің деканы, философия докторы (PhD) Айдарбек Ақболатов қатысушыларды ортақ мақсат жолындағы ізденіске үндеді.
Жиында цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектінің тіл үйретудегі мүмкіндіктері кеңінен талқыланды. Ақтөбе облысының тілдерді оқыту орталығының директоры Гүлсайран Төлегенова «Цифрлық теңгерім: ЖИ-тьютор және геймификация арқылы тіл үйренудің жаңа формуласы» тақырыбында баяндама жасап, заманауи әдістердің тиімділігін көрсетті.
image-28-05-26-08-19-11
Ал Қостанай облысынан келген мемлекеттік тіл оқытушысы Базаркүл Ахметжанова қазақ тілін оқытудағы жасанды интеллектінің әлеуетіне тоқталып, инновациялық мүмкіндіктердің көкжиегін кеңейтті.
Сондай-ақ «ABYROI SCHOOL 3» филиалының директоры, педагог-зерттеуші Әлима Дүйісмағанбетова «AI + Қазақ тілі: білім берудегі инновациялық серіктестік» тақырыбында ой қозғап, жаңа технология мен ұлттық құндылықтың үндестігін айшықтады.
Секциялық жұмыс барысында академик, филология ғылымдарының докторы, профессор, «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің вице-президенті Шерубай Құрманбайұлы, қалалық мәслихат депутаты Азима Зиннатқызы өз пікірлерін ортаға салды.
image-28-05-26-08-19-13
Одан бөлек Шерубай Құрманбайұлы өңірдегі бірқатар тіл жанашырына Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлының алғысхатын табыстады.
Мазмұнды ойталқылар мен тәжірибелік шеберлік сағаттарына ұласқан секциялық жұмыс тіл саласындағы жаңашыл ізденістердің маңызын тағы бір мәрте дәлелдеді.
Айжан Бауыржанқызы,
Орал қалалық тілдерді оқыту мен дамыту
оқу-әдістемелік орталығының
БАҚ-пен жұмыс жөніндегі маманы, 
ҚР Журналистер Одағының мүшесі
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале