29.05.2026, 14:30
Оқылды: 22

Татами шеберіне - «Cherry Tiggo»

Қарағандылық дзюдошы Дастан Жұмажанов әлем чемпионы Асқар Шайхиевті еске алуға арналған республикалық турнирдің бас жүлдесін иеленді.

0a069b72-63b9-4b2e-864c-a9654d74ab87

Әлем кубогінің иегері, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Асқар Тастайұлын еске алуға арналған дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы республикалық турнир өз мәресіне жетті. Дәстүрлі додада елдің әр өңірінен және шетелден  келген татами шеберлері күресті.

Биылғы турнирдің басты жүлдесі – аутокөлік болды. Жарыс ұйымдастырушылары, Асқар Шайхиевтің ағайын-туысы, достары және демеушілер ұсынған «Cherry Tiggo» көлігіне қарағандылық спортшы Дастан Жұмажанов ие болды.

Салтанатты іс-шарада облыс әкімі Нариман Төреғалиев жеңімпазға аутокөлік кілтін табыстап, жас дзюдошының  алдағы  спорттық  жолына  сәттілік тіледі.

7df75ab7-4051-4a76-be50-b5a26af8f030

Айта кетейік, ширекғасырлық тарихы бар турнир бүгінде ел спортының мәртебелі бәсекелерінің біріне айналып, жас палуандардың шеберлігін шыңдайтын маңызды жарыс ретінде танылып отыр.

Түгелбай Кенжеғалиұлы,

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале