29.05.2026, 16:45
Оқылды: 18

"Таза Қазақстан" : Шыңғырлау және Қобда аудандарының жастары экологиялық акцияда бас қосты

«Таза Қазақстан » жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданы мен көршілес Ақтөбе облысының Қобда ауданы жастарының қатысуымен ауқымды бірлескен шара өтті.

WhatsApp Image 2026-05-29 at 17.07.43  Экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған бұл тағылымды бастама қос өңірдің белсенді жастарын бір арнаға тоғыстырды. «Таза Қазақстан» акциясы — тек дәстүрлі сенбілік қана емес, бұл қоғамның, соның ішінде өскелең ұрпақтың экологиялық санасын жаңғыртуды көздейтін кең ауқымды қозғалыс.

WhatsApp Image 2026-05-29 at 17.07.42

Шараның жоғары деңгейде өтуіне мемлекеттік органдар да қолдау көрсетті.

WhatsApp Image 2026-05-29 at 17.07.39 (1)

Игі шараға Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары Айбек Жаншаұлы Исламбек пен Ақтөбе облысы Қобда ауданы әкімінің орынбасары Мұрат Сапарғалиұлы Құлбергенов арнайы қатысып, жастардың бұл қадамы ел болашағы мен экологиялық мәдениетті нығайтудағы маңызды серпін екенін атап өтті.

 

Шыңғырлау ауданының әкімдігі

WhatsApp Image 2026-05-29 at 17.07.41 WhatsApp Image 2026-05-29 at 17.07.40 WhatsApp Image 2026-05-29 at 17.07.40 (1)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале