1.06.2026, 21:00
Оқылды: 6

Жас сарбаздар Қособаға аттанды

Бүгін Сырым ауданында жас сарбаздардың 5 күндік оқу-далалық жиыны басталды. 
6874f486-3085-4e1d-b81f-2bca9ba87344
Жастарды ұлтжандылық пен отансүйгіштікке тәрбиелеу үрдісін жандандыру, дене бітімін жетілдіру қажеттілігі мен қызығушылықты қалыптастыру, әскери дағдыларға үйретуде далалық жиындардың берері мол.
Биыл 10-сынып бітіруші жасөспірімдерге арналған “әскер күндері” Қособа ауылында, Қособа мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің базасында өтуде.
Жиынның салтанатты ашылуына Қособа ауылдық округінің әкімі Бейімбет Жайманов, Сырым ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, подполковник Серік Саянов, аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Берік Жанболсынов, Қособа мектеп-балабақша-кешенінің директоры Нұргүл Райымова қатысты.
f52bef70-aea7-4b5c-9418-edcffaa66233
Бейімбет Есетұлы оқу-далалық жиынына қатысушы жас сарбаздарға отансүйгіш, жүректі азамат болып қалыптасып, жарқын болашақтың куәгері болуға тілек білдірді.
Далалық жиынның ашылу салтанатында болашақ сарбаздар қадам алды салтанатты шеру жасап, мектеп оқушыларынан құралған “Рух” хорын және “Жас сарбаз” үйірмесінің әскери техниканы назарға ұсынған қойылымын тамашалады.
f66eb924-42d9-4c16-a6ef-fdcde3d5b4d1
Ауыл мектептерінен жиналған 119 жас сарбаз  аптаға жуық уақыт ішінде теориялық білімдерін 30 сағат көлемінде практикалық тұрғыда жетілдіретін болады.
Қоңдыкер Жеңісұлы, 
Сырым ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале