2.06.2026, 15:45
Оқылды: 20

Балалардың жүзіндегі шаттық – ең үлкен марапат

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай аудандық ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік мемлекеттік жобаларын іске асыру аясында «Ашық көмек» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен және аудандық Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ықпалдасуымен «Балаға қуаныш сыйла!» атты қайырымдылық акциясы аудандық ауруханада өткізілді.

ЦРБ (1)

Іс-шараның мақсаты – ауруханада ем қабылдап жатқан балаларға психологиялық қолдау көрсету, олардың көңіл-күйін көтеру, аурумен күресуге деген жігерін арттыру және мереке күні балалық шақтың қуанышын сезіндіру болып табылады.

Акция барысында “Ашық көмек” қоғамдық қорының төрағасы Ботагөз Байқадамова мен аудандық БЖСМ басшысы Ербол Мергалиев балалармен жүздесіп, оларға арнайы сыйлықтар мен жеміс-жидектер табыстады. Мұндай игі шара балаларды емдеу үдерісінен бір сәтке болса да алаңдатып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлауға және жағымды эмоциялар қалыптастыруға бағытталды.

ЦРБ (2)

Балалардың жүзіндегі қуаныш пен шаттық ұйымдастырушылар үшін ең үлкен сый болды. Қайырымдылық акциясы балаларға қамқорлық көрсетудің, оларға мейірім мен жылулық сыйлаудың жарқын үлгісіне айналды.

Айдана Абдрахманова

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале