2.06.2026, 16:30
Оқылды: 25

Бөрлі ауданының тұрғындары жылыжай салуға арналған оқыту бағдарламасына қатысып, қолдау ала алады

Бөрлі ауданында «Batys AgroHub» жобасының үшінші легіне қатысушыларды тіркеу басталды. Жоба аясында аудан тұрғындары тегін оқудан өтіп, тәжірибелі агрономдардың қолдауына ие болып, кейін гранттық конкурсқа қатысуға мүмкіндік алады. 

Olga.jpg

Оқыту курстары маусым айының соңында Бөрлі ауданында өтеді. Гранттық конкурсқа тек офлайн тренингтер мен онлайн оқытуды сәтті аяқтаған қатысушылар ғана өтініш бере алады. Іріктеу нәтижесінде 15 тұрғын жылыжай салуға қажетті материалдармен қамтамасыз етіліп, көкөніс өсіру саласында өз кәсібін бастауға мүмкіндік алады.

«Batys AgroHub» жобасын Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) Еңбекшіқазақ ауданының Жергілікті қоғамдастықтар қорымен бірлесіп, ҚПО б.в. консорциумының акционерлері — «Шелл Қазақстан» және «Эни» компанияларының қолдауымен жүзеге асыруда. Жобаның мақсаты – жылыжай шаруашылығын дамыту, тұрғындардың білім деңгейін арттыру және өңірдегі агробизнестің тұрақты дамуына ықпал ету арқылы жергілікті қауымдастықты қолдау.

2025 жылдың желтоқсан айында жоба аясында Бөрлі ауданында Агробизнес орталығы ашылды. Бұл орталық – фермерлерді оқыту, тәжірибе алмасу және кәсіби қолдау көрсетуге арналған негізгі алаң. Бүгінде орталық жанынан сапалы тұқымдар мен қажетті материалдарды алуға болатын агродүкен жұмыс істейді. Алдағы уақытта орталық өз қызметтерін кеңейтіп, өнім өсіруден бастап сақтау мен өткізуді ұйымдастыруға дейінгі кешенді қолдау көрсетуді жоспарлап отыр.

IMG_9681

Осыған дейін жоба шеңберінде Ақсай қаласы мен Пугачево, Бөрлі, Кеңтүбек, Ақсу, Аралтал және Пепел ауылдарының 25 тұрғыны оқудан өтіп, грант иегері атанды. Нәтижесінде олар өз жылыжайларын салып, жергілікті нарықтарға өнім жеткізе бастады.

Жоба қатысушыларына келесі мүмкіндіктер ұсынылады:

  • көкөніс өсіру, жылыжай шаруашылығы және кәсіп жүргізу негіздері бойынша оқыту;
    • тәжірибелі агрономдар мен сала сарапшыларының тәлімгерлік қолдауы;
    • Алматы облысындағы табысты фермерлерге тәжірибе алмасу сапары;
    • жылыжай салуға қажетті материалдарды алуға арналған грант.

Жобаға ауыл шаруашылығымен айналысуға қызығушылық танытатын Бөрлі ауданының тұрғындары шақырылады. Қатысу үшін үй жанындағы жер телімі мен суару суына қолжетімділік болуы қажет.Іріктеу кезінде жылыжай шаруашылығын дамытып, алған білімін іс жүзінде қолдануға дайын үміткерлерге басымдық беріледі.

Оқыту бағдарламасына тіркелу 15 маусымға дейін ашық:

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSecch3Wgq6lSkfQPyI3wQ3HTXnWMmchGrTJkeFMz1q2QQt_6Q/viewform

Байланыс үшін:

+7 775 907 5272

Зумрад Исмаилова, жоба маманы

 

Орталық Азияның Еуразия Қоры

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале