3.06.2026, 21:00
Оқылды: 5

Киберқылмыстың алдын алуға бағытталған кездесу өтті

Бөкей ордасы аудандық мәдениет үйінде Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының орынбасары Олжас  Шүйіншалиев мекеме қызметкерлерімен,  кәсіпкерлермен және сондай-ақ аудан тұрғындарымен кездесу өткізді.

IMG-20260603-WA0143
- Киберқылмыс, интернет алаяқтығы туралы айтудан кем емеспіз. Десек те интернет алаяқтығының құрбандар саны азаяр емес. Алаяқтар ересектерді қойып, балаларды арбауға көшті. Әлеуметтік желідегі таныстық орға жығып, қарызға батырған жайттар көп. Интернет арқылы танысқан адам қомақты ақша ұсынып, есепшотын сатып алады немесе қандай мақсатпен сұрағанын нақты айтпастан, есепшотын алып, алаяқтық мақсатқа пайдаланған фактілер жиі кездеседі. Мысалды алыстан іздемей, осы Бөкей ордасына қатысты да айтуға болады. Қалада оқитын ауылдастарыңыз есепшотын беріп, артынан істі болған. Көршілес Жәнібектің де студент баласы есепшотын үшінші бір тұлғаға беріп, алаяқтық құрбаны болды. "Білмей қалдым" деген жауапкершіліктен құтқармайтыны белгілі. Екі студенттің үстінен де  дропперлік қылмыстық  іске қатысты іс қозғалды. Батыс Қазақстан облысы бойынша күні бүгіні 235 факт 600 миллионнан астам шығын тіркеліп отыр, - дейді Олжас Шүйіншалиев өз сөзінде.

IMG-20260603-WA0147

IMG-20260603-WA0144

Анар Артықбай,

Бөкей ордасы ауданы

Суретке түсірген Айзада Саменова

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале