3.03.2017, 9:29
Оқылды: 53

«Ақжайық» маусымға дайын

Оралда «Ақжайық» футбол клубы құрамы, соның ішінде жаңа ойыншылардың таныстырылымы өтті. Айта кетейік, биылғы қысқы трансферлік кезеңде 11 жаңа ойыншымен келісімшарт жасақталса, оның үшеуі шетелдік лигионер.


Жаңа маусымда команда намысын төмендегі ойыншылар қорғайтын болады.

Қақпашылар: Александр Удалов, Денис Толебаев, Вячеслав Котляр (бұрынғы клубы «Алтай»)

Қорғаушылар: Мейрам Спанов (команда капитаны), Бауыржан Омаров, Еркін Тапалов, Йован Николич («Сутьеска» ФК, Черногория), Дмитрий Шмидт («Алтай» ФК), Андрей Шабаев («Жетісу» ФК)

Жартылай қорғаушылар: Мирад Жарылғасов, Одибе Майкл, Эдуард Сергеенко, Иван Антипов, Руслан Валиуллин, Передарг Гаведарица, Фреди Корниелл, Изу Азука («Йени Малатьяспор» ФК, Түркия), Матиас Рубио, Аренас Дельгадо («Эстудиантес де Мерида» ФК, Венесуела), Константин Заречный, Азат Ерсалимов (екеуі де «Алтай»), Георгий Макаев, Юрий Перцух (екеуі де «Қызыл-Жар» ФК)

Шабуылшылар: Костантин Дудченко, Самит Чулагов («Байтерек» ФК)

Таныстырылымнан соң «Ақжайық» футбол клубы директоры Азат Казиханов пен бас бапкер Вахид Масудовтың қатысуымен баспасөз маслихаты өтті. Айта кетейік, жергілікті аяқдопшылар 8 наурыз күні Павлодардың «Ертісімен» ойнайды. Ал 12 наурызда өз алаңында «Шахтер» ФК қабылдайды.

Команда жаңа маусымға дайындықты желтоқсан айында бастаған болатын. Сонымен қатар Түркияда екі оқу-жаттығу жиыны өтті. Ақжайықтықтар 27 ақпанда Оралға ұшып келді.

Данияр Уәлиахмет

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале