ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаментінің қызметкерлері өңірдегі білім беру мекемелерінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Саналы ұрпақ» клубтары аясында бірнеше ашық диалог платформасы ұйымдастырылды. Кездесулер «Мақсат» Орал жоғары медициналық колледжінде, «АТиСО» Батыс Қазақстан академилық колледжінде, Халықаралық цифрлық технологиялар, сәулет және құқық колледжінде, А. Иманов атындағы жол-көлік колледжінде, Сервис және жаңа технологиялар колледжінде, Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде өтті.

Өңірдегі саны оқушы және студент санатындағы 1 мыңнан астам жасқа сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары мен құқықтық нормалар түсіндірілді.
Шараға қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын тәжірибеде қолдануға және құқықбұзушылықтардың алдын алуға қатысты өзекті сұрақтарына жауап алды.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
БҚО бойынша департаментінің баспасөз қызметі