3.03.2017, 18:30
Оқылды: 27

Кәсіпкерлік – жастар үшін

Дәл осындай атаумен Жәнібек аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті. Шараға Жәнібек колледжінің биылғы түлектері мен жұмыссыз жастар қатысты.


-Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған Жолдауында бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту қажеттігін атап өткен болатын. Елбасымыз бұл мақсатқа жету үшін елдің жалпы өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесін көбейту керек екендігін айтады. Осы шағын және орта бизнесті дамытуға арналған бағдарламалар жөнінде жастарға мағлұмат беру үшін мүдделі мекемелердің басшылары мен мамандарын шақырып, дөңгелек үстел ұйымдастырып отырмыз, - деді жиынды ашқан аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың кеңесшісі Мөлдір Әбдірешова.

Мұнан соң аудандық кәсіпкерлік бөлімінің маманы Рустам Аманғалиев «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында берілетін несиелер туралы, аудандық жұмыспен қамту орталығының бас маманы Баян Дәулетова жұмысшы мамандықтар бойынша тегін кәсіптік оқыту жөнінде түсінік берді.

Облыстық кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының директоры Жасұлан Бәсеров «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры ұйымдастыратын екі күндік оқыту жайлы, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманы Әділбек Зинуллин «Өрлеу» жобасы арқылы берілетін біржолғы ақылы көмек туралы мағлұмат берсе, Жәнібек колледжінің өндірістік оқыту шебері Асылжан Аймурзин аталмыш оқу орны даярлайтын мамандар жөнінде айтып өтті.

Б.ЖҰМАҒАЗЫ,

Жәнібек ауданы 

  zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале