11.06.2026, 16:15
Оқылды: 37

Әскерден келген соң екі ай несие төлемеуге болады

Әскерге шақырылғандардың несиесі қызметтен кейін де екі айға тоқтатылады. Мәжіліс кулуарында Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Асқар Мұстабеков әскери жиынға шақырылған және несие міндеттемелері бар азаматтарға қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Victory Day is a celebration day that commemorates the victory of the Soviet Union over Nazi Germany in the Great Patriotic War. (Second World War). In Kazakhstan on the 9th of May the people remembering their Heros in the Panfilov Park. The image shows a military music group, captured during springtime.

Сурет: istockphoto.com

Оның айтуынша, қазіргі таңда несиелерді кейінге қалдыру немесе тоқтата тұру тетігі мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтарға ғана қолданылады.

Біз айтып отырған жеңілдік мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтарға қатысты. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, әскери қызмет өткеру кезеңінде олардың барлық несиелері тоқтатыла тұрады. Бұл жеңілдік әскери қызмет аяқталғаннан кейін азамат жұмысқа орналасуы үшін қосымша екі ай бойы сақталады, – деді Асқар Мұстабеков.

Ол әскери жиындар мен мерзімді әскери қызметтің құқықтық мәртебесі әртүрлі екенін атап өтті. Сондықтан әскери жиынға шақырылған, бірақ ресми жұмысы жоқ және несие не ипотекалық міндеттемелері бар азаматтарға қатысты қолданыстағы заңнамада мұндай жеңілдіктер қарастырылмағанын жеткізді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале