Бұл туралы Қазақстанның футбол федерациясы хабарлайды.

Фото: kff.kz
Қазақстан құрамасы С дивизионының 6-тобында Беларусь және Армения құрамаларымен сынға түсті. Бегайым Қырғызбаеваның шәкірттері тартысты өткен ойын нәтижесінде 7 ұпай жинап, топта екінші орынды иеленді. Бұл нәтиже С лигасындағы екінші орын алған үздік командалар қатарына еніп, қыздарымыз плей-офф кезеңінің бірінші раундына өтті.
Топтағы ойын нәтижелері:
Қазақстан – Армения: 3:0 және 1:1
Қазақстан – Беларусь: 1:0 және 0:1
Жеребе тарту рәсімі 18 маусымда Швейцарияның Ньон қаласында өтіп, Қазақстан құрамасының плей-оффтың бірінші кезеңіндегі алғашқы қарсыласы анықталады.
Күз айларында өтетін өтпелі матчтарда А, В және С лигасы командалары 2027 жылғы Әлем чемпионатына жолдама үшін бақ сынайды. Бұл кезеңде жалпы есепте 7 тікелей жолдама және 1 континентаралық плей-офф жолдамасы сарапқа салынады.