11.06.2026, 21:00
Оқылды: 19

Қазақстан әйелдер құрамасы Әлем чемпионаты плей-оффында

Бұл туралы Қазақстанның футбол федерациясы хабарлайды.

6a297c785c9f8

Фото: kff.kz

Қазақстан құрамасы С дивизионының 6-тобында Беларусь және Армения құрамаларымен сынға түсті. Бегайым Қырғызбаеваның шәкірттері тартысты өткен ойын нәтижесінде 7 ұпай жинап, топта екінші орынды иеленді. Бұл нәтиже С лигасындағы екінші орын алған үздік командалар қатарына еніп, қыздарымыз плей-офф кезеңінің бірінші раундына өтті.

Топтағы ойын нәтижелері:

Қазақстан – Армения: 3:0 және 1:1

Қазақстан – Беларусь: 1:0 және 0:1

Жеребе тарту рәсімі 18 маусымда Швейцарияның Ньон қаласында өтіп, Қазақстан құрамасының плей-оффтың бірінші кезеңіндегі алғашқы қарсыласы анықталады.

Күз айларында өтетін өтпелі матчтарда А, В және С лигасы командалары 2027 жылғы Әлем чемпионатына жолдама үшін бақ сынайды. Бұл кезеңде жалпы есепте 7 тікелей жолдама және 1 континентаралық плей-офф жолдамасы сарапқа салынады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале