12.06.2026, 11:30
Оқылды: 14

Казталов ауданы: Қошанкөлдегі игі істер

Аудан әкімі Асланбек Сарқұлов Қошанкөл ауылдық округіне жұмыс сапарымен барып, ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымы мен шөп шабу науқанының барысын бақылады.

image-12-06-26-09-08-3

Сапар барысында аудан басшысы алдымен Қошанкөл ауылында салынып жатқан жаяу жүргіншілер жолының құрылысын қарап шықты. Ауылішілік көшелерге төселіп жатқан тротуарлар тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлы қозғалысын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды жобалардың бірі болып табылады. Аудан әкімі мердігер мен салалық бөлімге құрылыс жұмыстарының сапасын бақылауда ұстауды тапсырды.

image-12-06-26-09-08-4

Одан кейін аудан әкімі округ аумағындағы шаруашылықтарға барып, мал азығын дайындау науқанының барысын бағамдады. Атап айтқанда, «Қошанкөл-КЗ» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінде болып, шөп шабу жұмыстарының ұйымдастырылуы мен техникалардың дайындығымен танысты. Кооператив жетекшісі Ринат Нығметов атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады.

image-12-06-26-09-08-2

Сондай-ақ «Балауса 02» және «Әжікей» шаруа қожалықтарында болып, мал азығын дайындау қарқынын көрді. Шаруашылық жетекшілері Дархан Меңдіханұлы мен Мырзагелді Таспихов аудан басшысына маусымдық жұмыстардың барысы туралы ақпарат берді. Сонымен қатар жалпы кқлемі 1 шақырым қоршаумен жерін қоршаған Мырзагелді Таспихов жерді қоршаудың тиімділігін атап өтті.

image-12-06-26-09-08-1

Ал Ордабайда аудан әкімі «Қаладан ауылға» бағдарламасы аясында салынған тұрғын үйлердің жай-күйімен танысты.

 

Асылбек Нәсіпқалиұлы,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале