12.06.2026, 18:00
Оқылды: 8

Жымпитыдағы мәдени - демалыс саябағында жаңғырту жұмыстары жүруде

Жымпитыдағы С. Датұлы атындағы мәдени - демалыс саябағында осымен екінші жыл қатарынан жаңғырту жұмыстары жүруде. 
IMG_1829
Былтыр бақтың ауласындағы ашық спорт кешені жөнделді. Алаң кеңейтіліп, көрермендер трибунасы сыртқа шығарылды. Жасыл төсеніші ауыстырылды.
Биыл саябақтың ауласына толықтай жаңа өрнектас төселді. Әсіресе, Сырым батыр ескерткіші мен сахна маңының ажары ашылды.
IMG_1833
- Ауыл мәдениеті - саябақтан басталады. Гүл - теректерінің күтімі, орындық пен жарықшамдарының бүтіндігі - ауылдың келбеті. Тек Жымпиты емес, әр ауыл өз саябағын абаттандырып, халықтың демалыс орынына айналдыруы тиіс. - дейді Сырым ауданы әкімінің орынбасары Серік Тоқмамбетов.
Жымпиты ауылдық округінің әкімі Мейрам Қайырғалиевтің айтуынша, Сырым саябағында 1700 шаршы метр аумақтың тасы қайта жаңартылған. Енді спорт алаңының көрермендерінің зонасы даярлануда.
Бауыржан Ширмединұлы, 
“Сырым елі”
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале