Қазталов аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы лауазымына Абдрахман Олжас Алмасұлы тағайындалды.
Жаңа басшыны аудан активіне БҚО ТЖД бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Елдос Батталов таныстырды.
Олжас Абдрахман 1992 жылы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Бударин ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары, 2014 жылы Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Көкшетау техникалық институтын «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша бітірген.
02.08.2010-31.03.2014 — Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің Көкшетау техникалық институтының курсанты.
01.04.2014-31.10.2014 — Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылауы басқармасының өртке қарсы нормалау бөлімінің аға инженері.
01.11.2014-06.07.2015 — Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы техникалық нормалау бөлімінің аға инженері.
07.07.2015-30.09.2015 — Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің техникалық қызмет және хабарландыру бөлімшесінің бас маманы.
01.10.2015-28.02.2017 — Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Орал қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы.
01.03.2017-31.10.2020 — Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Зеленов ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы.
11.11.2020-28.01.2021 — Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Төтенше жағдайларды жою басқармасының бас маманы.
29.01.2021-04.10.2021 — Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Дағдарыстық жағдайлар басқармасының жедел кезекшісі.
05.10.2021-31.12.2024 — Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Бәйтерек ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы.
01.01.2025-11.06.2026 — Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Орал қаласы төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары қызметтерін атқарған.
Үйленген, үш баланы тәрбиелеуде.
«Ауыл айнасы» ақпарат