"Егемен Қазақстан" басылымының мәлімдеуінше, Астанада жаңадан құрылған «Әділет» саяси партиясының II съезі өтіп жатыр.

Фото: "Егемен Қазақстан" басылымынан
Биылғы саяси жаңғыру кезеңінде, нақтырақ айтсақ, 1 маусымда Әділет министрлігінде ресми тіркеуден өткен партияның бұл басқосуында үлкен саяси шешімдер қабылдануда. Күн тәртібіндегі ең басты мәселе — «AMANAT» партиясының «Әділет» партиясына қосылуы. Бул маңызды қадам съез делегаттарының қарауына ұсынылды. Сонымен қатар жиында ұйымның алдағы даму стратегиясы, өңірлік филиалдар желісін құру және партиялық құрылымды нығайту бағыттары қызу талқыланып жатыр. Съез қарсаңында өткен арнайы стратегиялық сессияда делегаттар ұйымның алдағы уақыттағы басым бағыттарын айқындап үлгерді.

«Әділет» партиясы — түрлі кәсіби қауымдастықтар мен қоғамдық бірлестіктердің бастамасымен өмірге келген саяси күш. Бүгінде оның қатарына құрылыс, денсаулық сақтау, білім беру, мұнай-сервис, көлік, IT және креативті индустрия сияқты ірі салалардың жетекшілері мен сарапшылары өткен. Партияның ұйымдық әлеуетін арттыруға «PARYZ» жұмыс берушілердің ұлттық конфедерациясы, Қазақстанның Азаматтық альянсы және Қазақстан автомобиль одағы секілді беделді ұйымдар белсенді атсалысуда. Әділеттілік, теңдік, прогресс және заң үстемдігі қағидаттарын ту еткен жаңа саяси ұйым елімізде тиімді мемлекеттік институттарды дамыту мен бәсекеге қабілетті экономика қалыптастыруды мақсат етеді.
