14.06.2026, 13:00
Оқылды: 10

Шыңғырлаулық тәртіп сақшылары «Кітап оқитын ұлт» жобасына қолдау білдірді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамда кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында ұсынған «Кітап оқитын ұлт» тұжырымдамасы елімізде кеңінен қолдау тауып жатыр. Осы игі бастама аясында Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жергілікті «Дән» мәдениет үйінің кітапханасына арнайы барып, қазақ әдебиетінің бас шығармасы — Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясымен танысты.

image-14-06-26-12-55

Танымдық шара барысында кітапхана мамандары тәртіп сақшыларына ұлы туындының жазылу тарихы, оның ұлттық болмысымыз бен салт-дәстүрімізді дәріптеудегі рөлі және жас ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеудегі маңызы туралы кеңінен мағлұмат берді.

image-14-06-26-12-55-2

Кездесу барысында құқық қорғау саласының мамандары шығарма төңірегінде өзара пікір алмасып, кітап оқудың тұлғалық даму мен кәсіби жауапкершілікті арттыруға тигізер пайдасына тоқталды. Аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция майоры Біржан Есмухан «Абай жолы» романы арқылы халқымыздың тарихы мен ұлттық құндылықтарын тереңірек ұғынуға болатынын атап өтті. Оның айтуынша, мұндай рухани шаралар қызметкерлердің ой-өрісін кеңейтіп, олардың кәсіби қызметінде де оң әсерін тигізеді. Кітапхана мен құқық қорғау органдары арасындағы байланысты нығайтқан бұл басқосу алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, тұрақты өткізіліп тұрмақ.

Сара Шакрат

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале