12.06.2026, 16:15
Оқылды: 64

Адал азамат – ел тірегі

Қоғамның дамуы мен мемлекеттің өркендеуі  ең  алдымен  өз  ісіне  адал, жауапкершілігі жоғары азаматтардың  еңбегіне  байланысты.  Осындай ел игілігі жолында адал қызмет етіп жүрген мемлекеттік қызметкерлердің бірі – облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мал шаруашылығы бөлімінің бас маманы Қайыржан Умралиев.

WhatsApp Image 2026-06-09 at 09.59.32

Қайыржан  Мақсотұлы  1977 жылдың 7 ақпанында бұрынғы Фурманов ауданының Фурманов ауылында дүниеге келді.  1995 жылы Батыс Қазақстан аграрлық университетіне түсіп, 1999 жылы зоотехник мамандығы бойынша аяқтады. Кейін Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде    экономика және бизнес бакалавры бойынша  сырттай  білім алды.  2021-2022 жылдары ҚР ҰҚК Шекара  қызметінің №2021 (Алматы қаласы), №2091 (Жаркент қаласы) әскери бөлімдерінде азаматтық   борышын   өтеді.

Қайыржан Мақсотұлы 2003 жылы еңбек жолын Казталов ауданы әкімі аппаратының бас маманы  лауазымынан  бастады.  Әр  жылдары  аудан әкімі  аппаратының  бөлім жетекшісі, аудандық  ветеринарлық стансаның  бас  маманы,  аудан  әкімі  аппаратының  персоналды  басқару  қызметінің  басшысы  болды.  Ал 2017-2021 жылдары  Казталов  ауданына  қарасты  Жаңажол  ауылдық  округінің  әкімі,  одан  соң Жалпақтал ауылдық округі  әкімінің  орынбасары  қызметін атқарды.  2022 жылдың тамызынан осы кезге дейін облыстық ауыл  шаруашылығы  басқармасының мал шаруашылығы бөлімінің бас маманы  қызметін  атқарып келеді.

Қайыржан  Мақсотұлының  қызметтегі  басты  ұстанымы – кәсібилік пен адалдық.

Күнделікті  жұмысында  жауапкершілік пен іскерлікті  қатар  ұстанатын маман саладағы  өзекті мәселелерді  шешуге  белсенді  қатысады. Мал шаруашылығын  дамыту, шаруашылықтарға  әдістемелік  қолдау  көрсету,  мемлекеттік  қолдау  тетіктерін  түсіндіру  және  халықпен  тиімді  байланыс  орнату  – оның  қызметінің  маңызды  бағыттарының  бірі.

Әріптестері  Қайыржан  Мақсотұлын еңбекқорлығы, қарапайымдылығы  және  өз  ісіне  деген  жоғары  жауапкершілігі  үшін  құрметтейді.

Мемлекеттік  қызметтің  басты  мақсаты  халыққа сапалы  қызмет  көрсету болса, Қайыржан  Мақсотұлы  бұл  міндетті  абыроймен  атқарып келеді. Оның  адал  еңбегі мен  жоғары  кәсіби  біліктілігі  ауыл  шаруашылығы  саласының  дамуына  оң  әсерін  тигізіп, өңірдің  әлеуметтік-экономикалық әлеуетін  арттыруға  өз  үлесін  қосуда.

Адалдық,  кәсібилік, жауапкершілік және елге  қызмет ету қағидаттарын  берік  ұстанған  осындай  азаматтардың  еңбегі – мемлекет  дамуының  берік  негізі.  Ел мүддесін бәрінен жоғары  қоятын  мамандардың  қатары көбейген  сайын  қоғамымыздың да болашағы  жарқын  бола түсері  сөзсіз.

Жанна Оңғарбайқызы, 

облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале