14.06.2026, 16:10
Оқылды: 8

Жеңіл өнеркәсіп күні: отандық өндіріс көлемі 259 миллиард теңгеден асты

Қазақстанда маусым айының екінші жексенбісінде Жеңіл өнеркәсіп жұмыскерлері күні атап өтіледі, деп хабарлайды ҚР Президенті жанындағы ОКҚ.

6a2e1dfe8e1fb784450058

Фото: ortcom.kz

Күнделікті өмірімізге қажетті сапалы киім-кешек, ыңғайлы аяқ киім және түрлі тоқыма бұйымдарын шығарып, нарықты отандық өніммен толтырып отырған бұл сала соңғы жылдары жоғары өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізуде. ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, өткен 2025 жылдың қорытындысы бойынша еліміздегі жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің көлемі бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда бірден 22,6%-ға артып, 259,5 миллиард теңгені құрады. Саладағы бұл серпінді өсімнің негізгі үлесі тоқыма өнеркәсібіне тиесілі болып отыр — бұл бағыттағы өндіріс ауқымы 159 миллиард теңгеге жеткен.

Бүгінгі таңда Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп секторында 1,4 мыңнан астам кәсіпорын тұрақты жұмыс істеп тұр. Ең бастысы, бұл өндіріс орындары 18 мыңнан астам отандасымызды тұрақты жұмыспен қамтып, елдің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығына айтарлықтай үлес қосуда. Әрбір отандық бұйымның артында маман тапшылығына қарамастан өз ісіне адал еңбек етіп жүрген тігіншілер мен тоқымашылардың, кәсіби шеберлердің қажырлы еңбегі жатыр. Саланың жыл сайынғы мұндай қарқынды дамуы отандық өнімнің ішкі нарықтағы бәсекеге қабілеттілігі артып келе жатқанын дәлелдейді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале